Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунадағы балалар лагері: Алматыда даулы іс бойынша сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Ойнап жүрген балалар
Жазғы лагерь. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда монша кешені аумағында ұйымдастырылған балалар лагеріне қатысты сот процесі аяқталды. Лагерьді ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ Алматы соттарына сілтеме жасап.

Сотта Алматы қаласы білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы азамат М. азамат Н.-дан пара алу мақсатында, оның "Б" ЖШС және "А" ЖШС компанияларын, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп танығаны анықталды.

Сот үкімімен М.-ға, өзінің қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде пара алуға әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот азамат Н., аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар: М. мен Н.-ның бірінші соттылығы, сотталушы M.-ның асырауында кәмелетке толмаған екі кішкентай балаларының болуы, Н.-ның жасаған қылмысына шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081645-saunadagy-balalar-lageri-almatyda-dauly-is-boiynsa-sot-ukimi-syqty/