Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы ірі сауда орталықтарын тексеруді бастады

Жарияланған күні:

сауда орталығы
Сауда орталығынің іші. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы полициясы терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Ірі сауда орталықтарының антитеррорлық қорғау жағдайы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуын ескере отырып, террористік тұрғыдан осал объектілердің, оның ішінде ірі сауда орталықтарының, ғибадат орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының терроризмге қарсы қауіпсіздігінің жай-күйіне жоспарлы тексеру жүргізілген.

"Полицияның тиісті бөлімшелері терроризмге осал нысандарды, терроризмге қарсы қорғауды бақылауды ұйымдастыру бағытында тұрақты жұмыс жасап, олардың басшылары мен иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Терроризмге осал нысандардың инженерлік-техникалық беріктігі мен терроризмге қарсы қорғанысының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеретін арнайы жұмыс топтары құрылды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Жақында полиция қызметкерлері Mega Park сауда орталығын тексерді.

Атап айтқанда, орталықтың бейнебақылау жүйелері, төтенше жағдайларға әрекет ету механизмі және дабыл түймелері тексеріс нысаны болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081795-almaty-policiyasy-iri-sauda-ortalyqtaryn-tekserudi-bastady/