Скляр үйінен кеткісі келмеген петропавлдықтарды мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды
Жарияланған күні:
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевке халықты мәжбүрлі эвакуациялауды бастауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметі бойынша Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен кеткісі келмейді. Бұл жайында түнгі аралау кезінде Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев премьер-министрдің алғашқы орынбасарына айтты. Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен "өзіміз-ақ күресе аламыз" деген.
Оқыс жағдайдың алдын алу үшін Роман Скляр тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялау жөнінде жедел тапсырма берді.
"Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет", - деді ол.
Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты.
Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін СҚО-дағы су тасқынына байланысты жағдай күрт нашарлағанын, Покровский ауылдық округін су басқанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081993-sklyar-uiinen-ketkisi-kelmegen-petropavldyqtardy-mazburli-turde-evakuaciyalaudy-tapsyrdy/