Алдағы күндері Қазақстанда 13 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Мамандардың болжауынша, алдағы күндері ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі.
Ал 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.
Қазақстанның көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқу болжанбайды. Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы -1...-13 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082347-aldagy-kunderi-qazaqstanda-13-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-mumkin/