Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тауды әлі де қар басып жатыр": синоптиктер тағы да су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

Жарияланған күні:

Тау
Тау. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің бірқатар өңірінде бірқатар өңірлерде тауларды әлі де қар басып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар кенеттен жылыну және қатты жаңбыр елде қардың еруіне және су тасқынына болуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеостанцияларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал.

"Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны орын алуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Жерді қашықтықтан зондтау суреттерінің деректеріне сәйкес 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі:

  • Жамбыл облысы бойынша - 2%;
  • Түркістан облысы бойынша - 2%;
  • Алматы облысы бойынша - 14%;
  • Жетісу облысын бойынша - 18%;
  • Абай облысы бойынша - 9%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 63% құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082395-taudy-ali-de-qar-basyp-zatyr-sinoptikter-tagy-da-su-tasqyny-boluy-mumkin-ekenin-eskertti/