Антикор "Айка тізіміне" қатысты істі тергеп жатқанын растады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Айка тізімі" деп аталатын жағдайға қатысты істің мән-жайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қылмыстық іс Астана қаласы бойынша департаментте тергеліп жатқанын растаймыз. Қазіргі уақытта осы іс бойынша барлық факт тексеріліп жатыр. Тергеу қорытындысынан міндетті түрде хабардар етеміз", - деп сендірді Биғайдаров.
2023 жылғы желтоқсанда интернетте қазақстандық атақты жұлдыздар, бизнесмендер, ірі қаржы құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің аты-жөні жазылған "Айка тізімі" тарап кеткен еді. Көп ұзамай ІІМ "Айка тізімі" тарап кетуіне байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.
Алматыда жезөкшелер үйін ұйымдастырды және заңсыз есірткі сақтады деп айыпталған қызға қатысты сот басталды. Бұл туралы еліміздің Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. Олар бұрын "VIP сутенер" және Love Aika атымен танылған блогер Айка туралы айтылғанын растады.
Осы жылдың сәуірінде Ішкі істер министрлігінің өкілдері желіге тарап кеткен атышулы "Айка тізімі" ісімен қазір Антикор айналысып жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082413-antikor-aika-tizimine-qatysty-isti-tergep-zatqanyn-rastady/