Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: сотталушы жүргізуші әйелге не үшін қол көтергенін айтты

Жарияланған күні:

Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы
Автобус адамдарды қағып кеткен жер. Алматы. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Алматыда үш адамның өмірі қиылған автобус апатына қатысты сотта айыпталушы осылай жауап берді. 33 жастағы күдікті жүргізушіні қасақана соққыға жықпағанын, оның дөрекі сөздерінен кейін өзін ұстай алмағанын айтты, деп хабарлайды КТК.

Телеарна мәліметінше, сотталушының қорғаушысы тізгінде отырған Ермек Шөкебаеваның сол сәтте шын мәнінде есінен танбауы мүмкін деген болжам келтірген. Жәбірленуші тарап кінәлілерден 20 млн теңге моралдық шығынды талап етті.

Бұған дейінгі қойылған сұрақтарға тек "иә", "жоқ" деп жауап беріп отырған айыпталушы бүгінгі отырыста ерекше белсенді. Ойын ашық айтып, қорғаушысы екеуі біраз мәлімдеме жасады. Сол күні Ермек Шөкебаеваның өзі "жігіттің намысына тиетін сөздер айтты" дейді. Сөзіне сенсек, "жолақысын дұрыс төлемедің" деп, ер адамның телефонын да жұлып алған көрінеді.

"Сіз дұрыс емес жіберіп жатырсыз, маған беріңіз, өзім қайтадан жіберейін, дедім, бұл кісі "маған үйретпе, мен сенен жақсы білем, сен сияқты малдарды точно білемін, есімде" деді. "Қойсаңызшы" деп едім, "қоймасам, не істеп аласың, қолыңнан бірдеме келе ме, шамаң жетпейді ғой, өзің таяқ жеп қаласың" деді, сол кезде мен шыдамай ұрып жібердім", - деді айыпталушы Дархан Ахметжанов.

"Алайда жәбірленуші Шөкебаеваның бұл әрекеттерін "симуляция", яғни жалған жасау деп санауға болады. Өйткені әдетте есінен тану белгісі болып, денесінің барлық бұлшық етін әлсіреуіне және де қандай да бір оқиғадан кейін адамның бір мезгілден құлауына алып келеді. Сондықтан жәбірленуші Шөкебаева естен тануынан болған әрекетін "симуляция", яғни жауапкершіліктен жалтару мақсатында өтірік іс әрекеті деп санаймыз", - дейді айыпталушының қорғаушысы Әлім Мұстапаев.

Алайда қарсы тарап келесі сот отырысында сөз сөйлейді.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалған. Күдікті cегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кеткен болатын. Кейін полиция өкілдері автобус жолаушысы жүргізуші әйелді соғып, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын, бұл жол-көлік апатына әкеп соқтырғанын хабарлады. Салдарынан автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082653-almatydagy-avtobus-apaty-sottalusy-zurgizusi-aielge-ne-usin-qol-kotergenin-aitty/