Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуаттағыш сымымен қылғындырған": Нүкенованың әпкесі Салтанаттың Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Салтанат Нүкенованың туыс әпкесі Самал Нүкенова марқұмның мойнында қылғындыру белгілері неден болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Самал Нүкенованың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өткен жиында Салтанат Нүкенованың астрология жөніндегі көмекшісі Анар Тасова оның үстінде көгерген іздер, мойнынан қылғындыру белгілері мен жіп ізін көргенін айтқан еді.

Бұл туралы марқұмның туыс әпкесі Самал Нүкенова Instagram желісіндегі Stories-те айтты.

"Анардың (Салтанат Нүкенованың көмекшісі - ред.) мойнындағы жіп ізі туралы айтқаны – жазда Шымкентте оны қуаттағыш сымымен қылғындырған.

Салта онымен (Бишімбаев - ред.) қарым-қатынасы туралы аз-кем айтатын.

Қайтыс болғаннан кейін бізде жалпы картина пайда болды, бірақ 10 адам барып, бәріміз кезек-кезек өз көргенімізді айта алмаймыз", - деді Самал Нүкенова.

Самал Нүкенованың пікірі
Самал Нүкенованың пікірі. Скриншот: instagram/samal_nukenova

Stories-те марқұмның әпкесі Нүкеновтар отбасы "бұл абсурдтың аяқталуын" күтіп отырғанын атап өтті.

"Біз осы абсурдтың аяқталуын күтіп отырмыз. Қиын сәтті қайта бастан кешіру, Салтаның соңғы біржылдық өмірі туралы елестетудің өзі өте ауыр.

Ата-анасы бұл мәліметтерді естіп, шыдай алмады. Олардың денсаулығы үшін жантүршігерлік фактілердің барлығын ашып айтпадық", - деді Самал Нүкенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082731-quattagys-symymen-qylgyndyrgan-nukenovanyn-apkesi-saltanattyn-bisimbaevpen-qarym-qatynasy-aitty/