Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірдеңе өртеніп жатқандай": экологтар Ақтаудағы түтіннің шығу себептерін атады (видео)

Жарияланған күні:

Каспий
Ақтау қаласы. Фото: akorda.kz

Ақтау тұрғындары қолқаны қабатын иіске екі күннен бері тұншығып отырмыз деп шағымданды. Экологтар түтіннің шығуына Ресейдегі өрт себеп болғанын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, ауадағы күлімсі иісті әсіресе төменгі шағынаудан тұрғындары қатты сезген. "Газ жұтып отырмыз" дегендер денсаулығына алаңдайтынын айтты.

"Теңіз жағасында тұрамын, иіс қатты сезіледі. Көмірдің иісі сияқты. Бірдеңе өртеніп жатқандай. Түсініксіз, бұрындары болмаған. Қаламызда зауыттан шығатын қалдықтар көп. Зауыттан лақтырып жатыр ма, кім білсін", - дейді Оразсұлтан Тайырова.

Осы арыз-шағымнан кейін экология департаменті жедел түрде мониторинг жүргізген. Бірнеше жердегі ауадан сынама алынып, зертханада талдама жасалған.

Сынама қорытындысы бойынша Ресейдегі орман өртінің түтіні теңіз арқылы таралып жатыр деген болжамға келген. Қазгидромет мәліметінше, осы уақытқа дейін Ақтауда ауаны ластаушы заттардың шамадан артуы 12 рет тіркелген.

"Сейсмотүсірілім қортындысы бойынша Солтүстік-батыстан соққан желдің бағытымен теңіздің үстімен көршілес Ресей мемлекеті Астрахань облысында алапат өрт болды. Анықтаған дәлелімізді Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы Жануарлар дүниесі және орман қорғау жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын растап шықты", - дейді Маңғыстау облысы экология департаментінің бас маманы Раушан Төлепова.

Дерекөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082746-birdene-ortenip-zatqandai-ekologtar-aqtaudagy-tutinnin-sygu-sebepterin-atady-video/