Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланы шымшып алған: Ақмола облысында балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Балабақша
Балабақша тәрбиешісі мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысының соты бес жасар бүлдіршіннің денсаулығына жеңіл зиян келтірген балабақша тәрбиешісіне айыппұл тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атбасар қаласындағы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қатысты сот отырысы өтіп, сотта балабақша тәрбиешісіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы жарияланды.

"Балабақша тәрбиешісі М. бес жасар баланың денесін шымшып, жеңіл түрде жарақат салып, оның денсаулығына зиян келтірді (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі).

Құқық бұзушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, баланың өкілінің М.-ға қатысты шара қабылдау туралы өтінішімен, сарапшының көгеру түріндегі баланың дене жарақатын анықтағаны туралы қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталды", - делінген сот хабарламасында.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты М.-ға қамауға алу шарасы қолданылмаған.

Сот қаулысымен М.-ға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл (55 380 тенге) түрінде жаза тағайындалды.

"Сонымен қатар ауданның білім бөлімі басшылығы атына сот жекеше қаулы шығарды. Жекеше қаулыда балабақша тәрбиешісінің құқық бұзушылығы туралы баяндалып, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің басқа қызметкерлерінің тарапынан мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеуге шара қолдануға назар аударды", - деді Атбасар аудандық соттың өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082782-balany-symsyp-algan-aqmola-oblysynda-balabaqsa-tarbiesisine-aiyppul-salyndy/