Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүрлігудің кесірінен": Бишімбаев тергеу кезінде неге куәлік беруден бас тартқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгін Қуандық Бишімбаев тергеу кезінде неліктен куәлік беруден бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сотта мемлекеттік айыптаушы желтоқсан айындағы жауап алу кезінде Бишімбаев оқиға бойынша айғақ бермегенін айтып, іс материалдарын, тергеушінің қорытындысын оқыды.

"15 желтоқсанда жауап алу кезінде Бишімбаев оқиға болған жерге барып, куәлік беретінін айтқан. Оқиға орнына бару үшін тергеу амалдары жоспарланған. Алайда адвокатпен хабарласқанда, адвокат Бишімбаев өзін нашар сезінгеніне, дайын еместігіне байланысты оқиға орнына барудан бас тартады деп түсіндірген.

19 желтоқсанда тергеу амалдары жүргізілген жоқ. 22 желтоқсанда тергеу изоляторында күдіктінің айғақ алу жоспарланған, бірақ Бишімбаев дайын еместігін айтқан", - делінген рапортта.

Прокурор Бишімбаевтан неге әлі күнге дейін куәлік беруден бас тартқанын түсіндіруді сұрады.

"Қорғаушыларымның деңгейі... мен олардың көмектесе алатынына сенбедім. Дүрлігудің кесірінен де қорғаушыларды таңдай алмадым, тек соңында ғана таңдадым. Сосын Құсайынова пайда болды, Алматыға ол кетіп қалды. Бас тарттым, өйткені өзімді жаман сезіндім.

Мен білікті қорғаушы болғанын қаладым. Дүрлігу кесірінен қорғаушыларды таңдай алмадым. Заңда қорғаушының қатысуы қарастырылған", - деді Бишімбаев.

Кейінірек мемлекеттік айыптаушы қаңтарда Бишімбаев оқиға орнына барып, айғақ беруден тағы да бас тартқанын атап өтті. Дәрігер айыпталушыны тексеріп, оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082836-durligudin-kesirinen-bisimbaev-tergeu-kezinde-nege-kualik-beruden-bas-tartqanyn-tusindirdi/