Отбасында жанжал шығаратындар қайда қамалатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Бүгін сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң мақұлданды. Осы орайда ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасында жанжал шығаратындар қайда қамалатынын айтты, деп жазады Kazinform.kz.
Айта кетейік, бүгін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мақұлданған заңдар аясында енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленетінін атап өткен еді.
Бұл ретте сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалатынын айтты.
"Қамауда ұстайтын орын табылады. Дегенмен мұндай адамдардың саны күрт артады деп айта алмаймын. Қазірдің өзінде біз оларды ұстап жатырмыз. Атап айтқанда, қазір біз оларды әкімшілік заңнама аясында ұстап отырмыз.
Енді жаңадан қабылданған заң нормалары бойынша қылмыстық заңнама аясында ұсталады. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалады", - Лепеха.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083211-otbasynda-zanzal-sygaratyndar-qaida-qamalatyny-belgili-boldy/