"Балаларыңды қарғаймын деп қорқытты": Байжанов Бишімбаев көрсеткен қысым туралы айтты
Жарияланған күні:
"Гастроорталық" директоры Бақытжан Байжанов Бишімбаевтан қысым көргенін мәлімдеді. Бұл туралы сотталушы өз адвокатының сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін сотта Байжанов Бишімбаев қысым көрсетіп жатқанын айтқан.
"Ол маған жедел жәрдемге бірге шақырдық деп айт деп тапсырды. Ол: "Олай айтпасаң, сені де, балаларыңды да қарғаймын, сенің де басыңа осы келсін" деп айтты", - деді Байжанов.
Байжановтың адвокаты өзінің қорғауындағы адамға "түрлі жолмен қысым көрсетілгенін" айтты. Сондай-ақ Бишімбаевтан жедел жәрдемге бірге қоңырау шалғаны туралы айтуды уақытша ұстау изоляторында да, сотқа келгенде де өтініш түскен.
"Тергеу изоляторында біз тұрақты түрде кездесіп жүргенде, ол менің нашатырь әкелгенімді және оның жанында тұрғанымды айтуым керегін айтты", - деді Байжанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083244-balalaryndy-qargaimyn-dep-qorqytty-baizanov-bisimbaev-korsetken-qysym-turaly-aitty/