Синоптиктер алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде жаңбыр жауатынын ескертті
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша алдағы үш күнгі – 13-15 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Бұл жөнінде мемлекеттік метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қалады, осыған байланысты күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, түнде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
14-15 сәуірде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Тек шығыс өңірлерде – Шығыс Қазақстан және Абай облысында бұл күндері жауын-шашын болмайды.
"Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз батыс және оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі. Температура фонында күрт өзгерістер болмайды", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.
Бұған дейін Қазақастанның ірі қалаларындағы бүгінгі ауа райы болжамын жариялаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083709-sinoptikter-aldagy-us-kunde-eldin-basym-boliginde-zanbyr-zauatynyn-eskertti/