Елтаңба бейнеленген банкноттар мен монеталарды ауыстыруға қанша қаржы керек: Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҰлттық банкте өткен брифингте төраға Тимур Сүлейменовтен журналистер елтаңба бейнеленген банкноттар мен монеталарды ауыстыруға кететін шығын мөлшерін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ұлттық банк басшысы ең алдымен елтаңба өзгере ме осыны білу керек деді.
"Менің пайымдауымша, ол жерде ұсыныстар жасайтын ғалымдар тобы жұмыс істейді. Әлі нақты ұсыныстар болған жоқ.
Бірақ біз бұл мәселені анықтадық, жоқ, қазір айналымдағы банкноттар мен монеталарда ешқандай өзгеріс болмайды. Олар тозғанша айналымда болады", - деді Сүлейменов.
Ол елтаңбаны өзгерту туралы шешім қабылданса, басылатын жаңа банкноттардың дизайны басқаша болатынын және монеталарды соғуға арналған жабдық қайта конфигурацияланатынын айтты.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып жүргенін, мемлекеттік нышанға қатысты ортақ келісімге келгеннен кейін Қазақстанның жаңа елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083829-eltanba-beinelengen-banknottar-men-monetalardy-auystyruga-qansa-qarzy-kerek-ulttyq-bank-toragasy-zauap-berdi/