Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі қолдана ма: Ұлттық банк басшысы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов қазақстандықтар қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тарта ма деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, қаңтар айында елімізде мобильді аударымдарды бақылау кезінде қолма-қол ақшаға сұраныс көбейген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тимур Сүлейменов мобильді аударымдарды фискализациялау кезінде елімізде қолма-қол ақшаға сұраныс артқанын мойындады.

"Бірнеше қала мен пункттерде, кей банктерді қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуге тура келді.

Бірақ сол кезден кейін жағдай реттеліп, Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі үндеу жасады. Менің ойымша, қазақстандықтар аударым жүйесіне үйренген, көбі түсінеді, қазір қолма-қол ақшаға қатысты мәселе жоқ", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше мәжіліс депутаттары үкіметке тексерілуге жататын мобильді аударымдар көлемін арттыруды ұсынған еді. Олар қазіргі тексеру бойынша қойылған меже кәсіпкерлердің қалтасын қағады деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083877-qazaqstandyqtar-qolma-qol-aqsany-zii-paidalanyp-zur-ulttyq-bank-bassysy-pikir-bildirdi/