Елімізде 2023 жылы некеге тұрғандар мен ажырасқандар саны азайған
Жарияланған күні:
2023 жылы АХАТ органдары Қазақстанда 120,8 мың некені тіркеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9 пайыз аз. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Бюро мәліметінше, 2023 жылы қалалық жерлерде 80 мың неке (66,2 пайыз), ауылдық жерлерде 40,8 мың неке (33,8пайыз) тіркелген.
"Некелесудің жалпы коэффициенті – 6,07 (1000 адамға шаққанда)
Өңірлер арасында Астана қаласының тұрғындары некелесу бойынша бірінші орында, 1000 адамға шаққандағы кэффициент – 7,46.
Отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі 78,2 пайыз, әйелдерде – 79,4 пайыз", - делінген хабарламада.
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 27,8 жас, әйелдер үшін 25,2 жас болды.
Тіркелген некелердің 82,3 пайызы - моноэтникалық.
2022 жылмен салыстырғанда ажырасу саны 9,6 пайыз азайып, 40,2 мыңды құрады.
Қалалық жерлерде 29,4 мың ажырасу (73,1 пайыз), ауылдық жерлерде 10,8 мың ажырасу (26,9 пайыз) тіркелген.
Ажырасудың жалпы коэффициенті (1000 адамға шаққанда) 2,02 болған .
Ажырасудың ең жоғары деңгейі ШҚО-да – 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,14 көрсеткен.
Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі, яғни 34,9 пайызы 1-4 жыл отасқандар арасында тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083985-elimizde-2023-zyly-nekege-turgandar-men-azyrasqandar-sany-azaigan/