Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әлдекімдер тағы бір әкімнің атынан қазақстандықтарға хабарлама жіберген

Жарияланған күні:

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Алаяқтар Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан жалған хабарлама таратуда. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жалған аккаунт екенін, ұсынылған сілтемелерді баспау және ешкімге ақша аудармау керегін мәлім етті, деп хабарлайды Stopfake сарапшылары.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды.

Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылуда.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таралған хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

"WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл – фейк. Бұл – интернет-алаяқтардың ісі.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер", - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083997-elimizde-aldekimder-tagy-bir-akimnin-atynan-qazaqstandyqtarga-xabarlama-zibergen/