Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдан келгеннің бәрін істейміз": Петропавл әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Серік Мұхамедиев
Серік Мұхамедиев. Видеодан кадр: Instagram/serik__mukhamediev

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев Instagram парақшасында видео жариялап, қала тұрғындарына үндеу жасады. Шаһар басшысы халықтан кешірім сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Мұхамедиев қала ауыз сусыз қалғанына қатысты пікір білдірді.

"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймын. СҚЭТК төрт сағат ішінде электр қуатымен қамтамасыз етуді жоспарлаған болатын. Бригадалардың жұмыс істеп жатқанына 10 сағат болды. Алайда сорғы станциясына қарай бағытталған мұздар процессті қиындатып тұр. Табиғаттың қатері, мұндай жағдай ешқашан болмаған", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, тағы 4 тірек зақымдалған. Орын алған жағдайларға байланысты түнімен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. СҚЭТК-нің бар күші станцияға электр қуатын беруге бағытталмақ.

"Қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар мен аулаларға су әкелу іске асырылуда. Тұрғындардың су алуына байланысты көліктердің дислокациясы өзгеруі мүмкін. Сұрақтар бойынша "Қызылжар СУ" ЖШС-ның диспетчерлік қызметіне хабарлассаңыздар болады. Су да, көліктер де жеткілікті. Бастысы үрейге салынбаңыздар. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084066-qoldan-kelgennin-barin-isteimiz-petropavl-akimi-qala-turgyndarynan-kesirim-surady-video/