"Ерекше беташар": Жаңаөзенде күйеу жігіт қалыңдықты лимузиннің орнына атпен алып келді
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысы Жаңаөзенде қолына бүркіт ұстаған күйеу жігіт беташар тойға қалыңдықты лимузиннің орнына атпен алып келді. Бұл туралы Mangystaumedia.kz сайты хабарлады.
Басылым мәліметінше, беташар Жаңаөзен қаласында өткен.
Күйеу жігіт ата-баба салтына сай қалыңдықты жаңа туыстарымен таныстыру рәсімін дәстүрлі түрде өткізуді ұйғарған.
"Лимузиннің орнына ат, қолында бүркіт, құмай тазы. Осылайша, мұнай саласында еңбек етіп жүрген Бауыржан дәстүрді жаңартып, тың серпін беруге тырысқан.
Бауыржанның болашақ жары, Ақшұқыр ауылының қызы Сехер де қазақы нақыштағы той көйлегін киіп, атқа отырды", - деп жазылған басылымда.
"Қазақилықтың исі үнемі осы Маңғаз Маңғыстаулықтардан шығып тұрады керемет", "Ата- бабамыз, аке-анамыз, осылай келген", "Қазақ жігіті осылай болу керек", "Ерекше беташар", "Өте жақсы бастама", - деп құптады жастарды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084504-erekse-betasar-zanaozende-kuieu-zigit-qalyndyqty-limuzinnin-ornyna-atpen-alyp-keldi-video/