Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз сотты біржақты жүргізіп жатырсыз": Бишімбаевтың адвокаттары судьяға қарсылық білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот залы
Ст залы. Фото: https://t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары судьяға бірнеше рет қарсылық білдірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың ұялы телефонына компьютерлік-техникалық сараптама жүргізуді талап етті. Олардың пікірінше, айыптаушы тарап өлтірілген адамның телефонынан хат-хабарларды іріктеп оқыған.

Жәбірленушілердің адвокаттары сотта бір күн Салтанат Нүкенованың телефонын тексеруге кеткенін еске салып, Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеруді ұсынды.

Судья Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қабылдамады, бұл қорғаушыларға ұнамады.

"Сіз сотты біржақты жүргізіп жатырсыз, тек жәбірленушілердің пайдасына... телефонды ашу керек екені анық көрініп тұр", - деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

"Алдыңғы сот отырысында Нүкенованың ұялы телефоны тексерілгендіктен, қорғаушының қарсылығы қабылданбайды – барлық скриншот оқылды, оған қоса жазбалар да оқылды", - деді судья Айжан Құлбаева.

Судья сонымен қатар Бишімбаевтың "құқығы бұзылып жатыр" деп мәлімдеген айыпталушының адвокаттарының тағы бірнеше қарсылығын қабылдамай тастады.

"Қорғаушы тарап негізсіз қарсылық білдіру арқылы алқабилерді жаңылыстыруға тырысуда", - деді судья.

Еске салсақ, 11 сәуірде өткен сот отырысында экс-министр Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваны істен шеттетуді сұраған. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмады, сот жалғасты.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын 10 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084894-siz-sotty-birzaqty-zurgizip-zatyrsyz-bisimbaevtyn-advokattary-sudyaga-qarsylyq-bildirdi/