Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев соты: Адвокат Мальдив аралдарында соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен "Гастро орталықтың" директоры Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бишімбаев келіншегі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Салтанат Нүкенованың 20-24 наурыз аралығында ағасы Айтбек Амангелдімен алмасқан хабарламаларын іс материалдарына қосуға өтініш білдірді. Ол кезде Салтанат ағасына Мальдив аралдарындағы демалысынан суреттер жіберген болатын. Адвокаттың сипаттауынша, фотолардан Нүкенованың иығында қанталаған жерлерді және денесінің басқа бөлігіндегі көгерген іздерді көруге болады.

"Денеге келген зақымдарға назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл фотолар 2023 жылы ақпан айында Мальдив аралдарында жасалған. Салтанат Нүкенова бұл суреттерді ағасы Айтбек Амангелдіге жіберген болатын. Біз бұл суреттерді басып шығарып, оның денесіндегі көптеген зақымдарды көрдік. Мальдив аралдарындағы демалысы кезінде бетінде, иығында, білегінде, сол жақ иығында үлкен гематома (қанталап, ісінген жер) бар" , - деді жәбірдленуші тараптың адвокаты.

Аталған суреттер алқа билер мен сот процесінің басұа қатысушыларына көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084948-bisimbaev-soty-advokat-maldiv-araldarynda-soqqyga-zygylgan-saltanat-nukenovanyn-suretin-korsetti/