Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысындағы ауруханаларға азық-түлік жоғары бағамен жеткізіліп отырғаны анықталды

Жарияланған күні:

Қызлордадағы аурухананың ас бөлмесі
Қызлордадағы аурухананың ас бөлмесі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Қызылорда облысының 3 аудандық ауруханасында тексеру кезінде сенімсіз азық-түлік жеткізушілері делдалдар тізімінен жойылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.

Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасалғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді. Дәлірек айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қанттың бағасы төмендеген.

Осылайша бюджеттен 6 млн теңгеден астам қаражат үнемделген.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084972-qyzylorda-oblysyndagy-auruxanalarga-azyq-tulik-zogary-bagamen-zetkizilip-otyrgany-anyqtaldy/