Алдағы күндері Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер 16-18 сәуір аралығында ел аумағында 30 градусқа дейін ыстық болады деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың болжауынша, алдағы күндері елдің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашын түседі деп болжануда.
16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін, күндіз найзағай ойнауы ықтимал.
Синоптиктердің болжауынша, күндіз батыста, оңтүстікте ауа температурасы +22...+30 градусқа дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта +15...+25 градусқа дейін көтеріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085179-aldagy-kunderi-qazaqstanda-30-gradusqa-deiin-ystyq-boluy-mumkin/