Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге қандай материалдық көмек көрсетілетінін жария етті

Жарияланған күні:

Үкімет үйі
Үкімет үйі. Фото: primeminister.kz

Қазақстан үкіметі су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек қалай көрсетілетінін айтты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу, жоғалған және/немесе бүлінген мүліктің өтемақысы су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредиттер бойынша төлемдер 3 айға, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдырылады", - делінген үкімет хабарында.

Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқынының салдарына байланысты төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

"Су тасқынының салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша төлемдер олар берген өтініштің негізінде кейінге қалдырылады;

кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдаудың тәртібі жарияланады. Қарыз алушылардың банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтініш беру сервисі іске асырылады", - делінген хабарда.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету:

  • су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);
  • Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).

Шағын және орта бизнеске келтірілген зиянды өтеу:

  • Су тасқынынан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібі әзірленді (жақын арада қабылданады).
  • Шығындарды өтеуге жоғалған мүліктің (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар), тауарлық-материалдық құндылықтар, зақымданған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны кіреді.
  • Төлемдер мемлекеттік бюджет және өңірлердегі бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта облыстардың әкімдіктері мен "Атамекен" өңірлік палаталары зардап шеккен ШОБ субъектілерінің тізімін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бағалаушы компаниялардың, ШОБ-қа қызмет көрсету үшін адвокаттардың тізбесін айқындайды, залалдың алдын ала сомасын жасайды.

Зардап шеккен нысандар негізінен дүкендер, наубайханалар, шаштараздар, тігін цехтары, кафелер, жылыжайлар, қойма ғимараттары, шаруа қожалықтары және басқа да нысандар.

"Атамекен" ҚР ҰКП-да 1432 "жедел желі" жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085896-ukimet-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-materialdyq-komek-qalai-korsetiletinin-zariya-etti/