Қайықты үй төбесіне байлаған: Петропавлда полицейлер су басқан аймаққа барғандарға ескерту жасады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомПетропавлда су басқан ауданда тәртіп сақшылары қайықпен жүрген екі азаматты тоқтатты. Бастапқыда полицейлер оларды тонаушы деп ойлаған, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Петропавлдағы су тасқыны басқан Подгора ауданын полиция тәулік бойы моторлы қайықтармен қадағалап жүр.
Тәртіп сақшылары эвакуацияланған тұрғындардың мүлкін тонаудан қорғайды, сондай-ақ, мүмкіндігінше, суда қалып қойған үй жануарларын алып шығумен айналысып жатыр.
15 сәуірде кешке патрульде жүрген полицейлер 38 жастағы және 27 жастағы екі ер адамды байқады. Олар қайықпен Герцен көшесіндегі бір үйдің төбесіне
"Тәртіп сақшылары екеуін де анықтау үшін Потанин көшесіндегі бақылау-өткізу бекетіне апарған, олардың бірі үйдің иесі, екіншісі үй иесінің туысы екені анықталды", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.
Азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
"Су тасқыны аймақтарына баруға тыйым салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта азаматтардың қараусыз қалған мүлкін қорғап жүрген полиция қызметкерлерің қызметтік тапсырмасын орындауға кедергі жасамау керек.
Сондай-ақ қайықпен су басқан аумақтарда жүзу қоршаулар, ағаш бұтақтары кедергі келтіруі мүмкін. Үлкен қауіп төндіреді", - деп ескертті Петропавл ПД басшысы Марат Жұмалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085923-qaiyqty-ui-tobesine-bailagan-petropavlda-policeiler-su-basqan-aimaqqa-bargandarga-eskertu-zasady-video/