Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік ару өзін алып қашқан жігітті бас бостандығынан айырмауды сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күйзеліп отырған әйел
Әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте қызды алып қашқан жігітке сот үкімі шықты. Қыз сотта алып қашқан жігітті кешіргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық сотқа сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодексінің 125-бабы 1-бөлігі бойынша (Адам ұрлау) іс қаралды.

"Сотталушы Instagram әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушімен танысқан. Осыдан кейін, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласынан Шымкент қаласына келіп, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде жәбірленушіге үйлену мақсатында оны алып қашып, жәбірленушімен бірге Жаңаөзен қаласына қарай кеткен" , - делінген сотта.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен және алынған бейнежазбамен, сотталушының кінәсін мойындау жауаптарымен тағы басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерді бейнежазбаға түсіру арқылы қарау хаттамасымен, сотталушының кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Мемлекеттік айыптаушы жас жігітті кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор сотталушыны Қылмыстық кодекстің 125-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазаны тағайындауды сұраған.

Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын жазған едік. Қызын белгісіз біреу алып қашғанын құзырлы органға анасы хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086277-symkenttik-aru-sotta-ozin-alyp-qasqan-zigitti-bas-bostandygynan-aiyrmaudy-surady/