Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы екі күнде Қазақстанда 30 градусқа дейін жылы болады

Жарияланған күні:

Жаздағы ауа райы
Жаз. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда 18-20 сәуір аралығында жауын-шашын тоқтап, температура жоғарылай түседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

18-20 сәуірде республика аумағының басым бөлігі антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы көтеріледі.

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальдық бөлімдердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болмақ, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі. Күллі ел бойынша жел күшейе түседі.

Түнде термометр бағаны температураның ауытқуын көрсетеді. Күндіз ауа температурасы батыста, оңтүстікте 25-30 градусқа жылиды, солтүстікте 20-25 градусқа, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа жылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086355-aldagy-eki-kunde-qazaqstanda-30-gradusqa-deiin-zyly-bolady/