Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам әйелді ұрып-соқты: ІІМ өкілі ұсталған адамның кешірім сұраған видеосына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әйелді ұрып соққан адам
Әйелді ұрып соққан адам. Видеодан кдар: facebook.com/jannachka.akhmet

Бүгін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жықан ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ер адамның ұсталғанын айтты.

"25 күнге қамауға алынды", - деді ол.

Бұл ретте Игорь Лепеханың айтуынша, ұсталған ер адамның кешірім сұраған видеосы қамауға алынғанға дейін түсірілген. Журналистер оның жаза ретінде көше сыпырған видеосы пайда бола ма деп сұрады.

"Өкінішке қарай, әзірге ондай (видео - ред.) болмайды, өйткені біз әзірге тек қоғамдық жұмыстарды талқылап жатырмыз (Ал егер ұсталған адам бұл әрекетті әйелдерді қорғау туралы заң күшіне енгеннен кейін жасаса - ред. ескертпесі) ол қылмыстық жауапкершілікке тартылар еді. Содан кейін отырушы еді және т.б.", - деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда әйелдің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео жарияланған болатын. Оқиғаға қатысты қалалық полиция пікір білдірді. Әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Кейін ұрып-соққан ер адам өз әрекетін ақтауға тырысып, видеоүндеу жариялаған.

Айта кетейік, наурызда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардан кешірім сұрайтын бейнероликтерді жариялауды тоқтататынын хабарлаған болатын.

Бүгін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тоғыз бабы, соның ішінде қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық немесе алдап-арбау бойынша кінәлілер қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін екені белгілі болды.

Сондай-ақ еске салайық, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086493-almatyda-er-adam-aieldi-uryp-soqty-iim-okili-ustalgan-adamnyn-kesirim-suragan-videosyna-qatysty-pikir-bildirdi/