Қазақстанда су тасқыны салдарынан жүздеген мұнай ұңғымасында жұмыстар тоқтаған
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда су тасқынының салдарынан 634 ұңғымада мұнай өндіру жұмыстары тоқтатылды – мемлекет мыңдаған тоннаға шығынға ұшырады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Энергетика министрлігінің өкілдері су тасқыны Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіру мен мұнай өнімдерін тұтынуға қалай әсер еткенін айтты.
"Елдегі су тасқынының салдарынан Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы бірқатар мұнай өндіретін кәсіпорында 634 ұңғыманың жұмысы тоқтап, мұнай өндіру бойынша жалпы шығын көлемі 16 мың тоннаға жетті", - деді ведомство өкілдері баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дереккөз ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда 141 ұңғыманың жұмысы қалпына келтірілді, алайда 493 ұңғыманың жұмысы әлі тоқтап тұр:
- Ақтөбе облысында 489 ұңғымада жұмыс тоқтатылды (CNPC – "Ақтөбемұнайгаз" АҚ – 440 ұңғыма, "Мұнай ҚМК" АҚ – 25 ұңғыма, "Фирма Ада Ойл" ЖШС – 24 ұңғыма);
- Атырау облысында 4 ұңғыма жұмысы тоқтатылды ("Ембімұнайгаз" АҚ – 3 ұңғыма, "5А Ойл" ЖШС – 1 ұңғыма).
Қазіргі уақытта аймақтарда ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отыр:
- су тартатын құралдармен және агрегаттармен су тарту жұмыстары жүргізіліп, топырақ себілуде, ұңғымалар қуаттан ажыратылып, гермитизацияланып жатыр;
- елді мекендерде су тасқынына қарсы жаңа бөгеттер салынып, ескі бөгеттерді нығайту бойынша көмек көрсетіліп, дамбыларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087132-qazaqstanda-su-tasqyny-saldarynan-zuzdegen-munai-ungymasynda-zumystar-toqtagan/