Алматыдағы Шуақты шағын ауданында инженерлік коммуникацияға қатысты қордаланған мәселе шешілді
Жарияланған күні:
Түрксіб ауданының тұрғындары Алматы әкіміне инженерлік коммуникацияға қатысты ұзақ жылға созылған мәселені шешкені үшін алғыс білдірді Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде Медеу және Түрксіб аудандарының тұрғындарымен кездесіп, Шуақты шағын ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша іске асырылған жобалармен танысты.
Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров қала басшысына Шуақты шағын ауданында инженерлік инфрақұрылымқа қатысты ұзақ жылғы мәселені шешу туралы баяндады. Шағын ауданда электрмен жабдықтау желілерін салу бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталды.
Бір жылға жетер-жетпес уақытта жүргізілген 5,5 км желіні жаңғырту электр қуатының шығынын азайтуға, пайдалану шығындарын қысқартуға және 1500-ден астам тұрғынды сапалы электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы шағын ауданда ұзындығы 17,4 км сумен қамту және су бұру желілерін салу жобасы жүзеге асырылды, оның ішінде 10 км – су құбыры, 7,4 км – кәріз желісі.
Жоба аясында Айша Бибі, Ақтасты, Береке, Волочаевская, Дуадақ, Мәйекті Саялы, Теректі, Ырғайты сынды 9 көше қамтылды. Жұмыс жүргізген "Мелиоратор" мердігерлік ұйымы 2023 жылдың маусым айында жолдың ені бойынша асфальт төсемді толық қалпына келтіре отырып, желілердің құрылысын аяқтады.
Бұл шағын аудан тұрғындарына орталық сумен қамту және су бұру желілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етті, бұл үшін қала тұрғындары қала басшысына алғыс білдірді. Сонымен қатар, Волочаевская көшесінің кәріз ағыны үшін қажетті еңіс жоқ шағын учаскесінде кәріз-сорғы құрылысын салу жобасы әзірленуде.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында жобалаушы жұмысты тегін жүргізеді. Мемлекеттік сараптама шамамен 2024 жылғы маусым айында шығады.
Сондай-ақ, Ерболат Досаев Шуақты шағын ауданындағы көшкіндердің алдын алу жоспарымен танысты. Қала басшысы бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді. Әрі мегаполис әкімі шағын ауданда нөсер кәрізін салу қажеттігін атап өтті. Қала басшысы гидрогеологиялық зерттеулер жүргізуге және өзен арнасының негізін нығайтуға нұсқау берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087363-almatydagy-suaqty-sagyn-audanynda-inzenerlik-kommunikaciyaga-qatysty-qordalangan-masele-sesildi/