Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан 70 млн теңгенің алтын құймалары мен монеталары заңсыз шығарылмақ болған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алтын құймалар
Алтын құймалар. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Астана әуежайында кеденшілер алтын құймалар мен коллекциялық монеталардың экспортын тоқтатты. Сондай-ақ жыл басынан бері 400 миллион теңгеден астам қаржыны елден шығаруға тосқауыл қойылған, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылдың басынан бері елордалық "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын валютаны заңсыз әкетудің 22 дерегін анықтап, жолын кескен.

"Жыл басында "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Астана – Стамбұл" халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан Республикасының азаматы жалпы сомасы 74 миллион теңгеден астам шетел қаражатын заңсыз әкетпек болған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары үш жайт бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін анықтаған. Мұнда елден шығарылмақ болған жалпы сомасы 172 миллион теңге болған. Бұл материалдар Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар 19 дерек бойынша (сома 281 миллион теңге) 664 560 теңге айыппұл салынды.

"Сонымен қатар азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймасын және жалпы салмағы 3000 грамм (құны 70 миллион теңгеден астам) коллекциялық монеталарды елден заңсыз шығармақ болған", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087792-qazaqstannan-70-mln-tengenin-altyn-quimalary-men-monetalary-zansyz-sygarylmaq-bolgan/