Дубай әуежайындағы шектеулерге байланысты Қазақстанға ұшатын кей рейстер тоқтатылды
Жарияланған күні:
Дубай әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі КС 8970/8980 Алматы-Дубай-Алматы қосымша рейстері тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуекомпанияға сілтеме жасап хабарлайды.
"Дубай әуежайына Дубай әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі КС 8970/8980 Алматы-Дубай-Алматы қосымша рейстері тоқтатылды. Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билет құнын толық қайтару немесе қайта брондау қолжетімді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар әуекомпания КС 205 Астана-Дубай рейсі Астана уақыты бойынша 19.00-ге дейін кешіктірілетінін мәлім етті.
Компания өкілдері рейстердің мәртебесін сайттан қадағалауды ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087855-dubai-auezaiyndagy-sekteulerge-bailanysty-qazaqstanga-usatyn-kei-reister-toqtatyldy/