Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанжал шығарып, үйден кетіп қалған: Павлодар облысында 5 баланың әкесі қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында 5 бала тәрбиелеп отырған ауыл тұрғыны әйеліне бейәдеп сөздер айтып, отбасында жанжал шығарған. Ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Павлодар облысында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әйел қауіпсіздігі мәселесі бойынша полицейлер рейд жүргізіп тіркеуде тұрған 7 отбасына барды.

Мәселен, Заңғар ауылындағы жанұяға барған кезде отбасында тұрмыстық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары барған кезде есепте тұрған 30 жастағы ер адам үйінде болмаған. Үйде ренжіген әйелі мен балалары болды. Әңгімелесу барысында күйеуінің жанжал шығарғаны, балағат сөздер айтып, жұмысқа кеткені анықталды. Отбасы бес бала тәрбиелеп отыр, олардың үлкені 8 жаста, кенжесі бір жарым жаста.

Ер адамға қатысты тәртіп сақшылары "Отбасы-тұрмыстық аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

"Есепте тұрған тұлғаның жасаған құқықбұзушылығы бір жыл ішінде қайталанған. Сот қаулысымен ауыл тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды", - деп хабарлады Павлодар ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Биқанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087873-zanzal-sygaryp-uiden-ketip-qalgan-pavlodar-oblysynda-5-balanyn-akesi-qamauga-alyndy/