Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деп жалған хабар таратқан петропавлдық жазаланды

Жарияланған күні:

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Петропавл тұрғыны мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деп жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, WhatsApр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда деген дауыстық хабарламасы тараған.

Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екені анықталды. Кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұл салынды.

Осы орайда, тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088212-mugalimder-gumanitarlyq-komekti-urlap-zatyr-dep-zalgan-xabar-taratqan-petropavldyq-zazalandy/