Астана орталығындағы жолдың бір бөлігі жеті айға жабылады
Жарияланған күні:
Астанада қараша айының соңына дейін Сығанақ көшесіндегі учаскелердің бірінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі – мұнда LRT станцияларының бірі салынады. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойында көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, ол жерде "Абу-Даби Плаза" бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.
Бұл өзгеріс қалалық полиция департаментімен келісе отырып жүргізіліп отыр. Әкімдік өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарды қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088878-astana-ortalygyndagy-zoldyn-bir-boligi-zeti-aiga-zabylady/