Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да еріген қар суындағы улы химикаттар туралы ақпаратқа экологтар пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылында еріген қар суының қауіпті химиялық заттармен ластанғаны туралы ақпарат тарады. Сарапшылар бұл деректерді жоққа шығарды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Шығыс Қазақстан облысында таулардың солтүстік беткейлерінде қар қарқынды түрде еріп жатыр. Мамандар өзендер мен Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейін тәулік бойы қадағалауда. Гидротехникалық құрылыстар қалыпты жұмыс істеп тұр.

Су тасқынына байланысты желіде еріген суда, атап айтқанда Маралды ауылындағы қарғын су құрамында зауыттан ағып шыққан қауіпті заттар бар екені туралы ақпарат тарай бастады.

Ақпаратқа түсініктеме берген экологтар фабрика әлі салынып жатқанын, ол жерде ешқандай өндірістік процестер жоқ екенін айтты.

"Бұл, әрине, жалған видео, өйткені ол жерде бір килограмм да не бір грамм да цианид немесе басқа улы химикаттар, прекурсорлар жоқ. Ол жерде әлі құрылыс жүріп жатыр.

Біз Маралдыға қатысты барлық тыңдауларға, барлық жиналыстарға үнемі қатысып отырамыз. Ол жақта ешқандай улы химикаттар жоқ екенін білеміз", - деді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089406-sqo-da-erigen-qar-suyndagy-uly-ximikattar-turaly-aqparatqa-ekologtar-pikir-bildirdi/