Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тасқын судан зардап шеккендерге қосымша 550 мың теңгеден төлем беріледі

Жарияланған күні:

Қазақстандағы су тасқыны
Қазақстандағы су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 550 мың теңгеден астам өтемақы берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бектенов жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын айтты.

"Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.

Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше тиісті қаулыға қол қойдым", - деді ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алған.

"Бұл үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, ыдыс-аяқ, үстел, орындықтар, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезекте қажет заттарды сатып ала алады", - дейді премьер-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089505-tasqynnan-zardap-sekkenderge-qosymsa-550-myn-tengeden-tolem-beriledi/