Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нарциссизмнен қалай құтылуға болады": Бишімбаев пен психологтың алмасқан хаттары сотта оқылды

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Елордада Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта айыпталушының отбасылық психологпен не туралы сөйлескені белгілі болды. Судья олардың бір-біріне жазған хабарламаларын оқыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

18 сәуірдегі хабарламаларға сүйенсек, ресейлік психологтың кеңесі 8 мың рубль тұрған. Ол Бишімбаевпен бір сағат бойы сөйлескен. Маман сотталушымен сөйлесіп болған соң, оған қарым-қатынастағы шекара туралы өзінің арнасына жазылуға кеңес береді. Ол экс-министрге "Дәл сізбен талқылап жатқан тақырып бойынша" деп жазады.

19 сәуір күні психолог өткен кездесу бойынша кері байланыс береді.

"Бұл кездесуде қарым-қатынас тақырыбын талқылай бастадық. Қарым-қатынасыңыз жақсы болғанына қарамастан алаңдаушылық сезімі бар. Сіздің жұмысқа деген сұранысыңыз - жеке қарым-қатынасыңыз бен өзіңізді түсініп білу. Жетістіктеріңіз - өзіңізге қамқорлық танытып, терапияға келдіңіз. Жарайсыз! Сізге әрдайым психологқа баруға кеңес беремін. Қарым-қатынас мәселесі жайлы ойланыңыз. Бұл қарым-қатынаста неге өзімді жайсыз сезінемін? Әйелімнің бұрынғы қарым-қатынасын қабылдай аламын ба? Бұл қарым-қатынасты қалай құрғым келеді? деген сұрақтарға ойлануыңыз қажет", - деп жазды психолог Бишімбаевқа.

Бұдан кейін Бишімбаев психолог маманға төлемнің скриншотын жібереді. Ал Герасимова тағы да кері байланыс береді.

"Бұл жолы өзімшілдік тақырыбын қозғадық. Ол өзін-өзі таныту, өзіңіз бен өзгелердің мінсіздігін бақылау кезінде пайда болады. Өзімшілдікке "ромашка" атты жаттығудыжасау керек. Бұл жолы сіз өзімшілдіктен құтылудың жолдарын іздеудесіз. Жетістіктеріңіз - өз уайымыңызды ашық түрде айтып отырсыз. Бұл үшін сізге рақмет айтамын. Өзіңіздің мінез-құлқыңызды қалай өзгертуге болатынын көп ойланып жүрсіз. Бұл - керемет. Сізге өзіңіздің мінсіз емес екеніңізді қабылдауға тырысу керек. Сіздің ерекшелігіңіз қателіктеріңіз бен түрлі эмоцияларыңызда екенін түсіну керексіз", - деп жазады психолог.

Бишімбаев бұл жазбадан кейін психологқа Салтанатпен алмасқан хаттарын жібереді.

"Осы күндері қарым-қатынасымыз жайлы көп ойланып жүрмін. Сенің жағдайыңды, өзімнің қателіктерімді түсінемін, өкінемін. Арамыздағы жылы сезімді өзім қаламасам да құртып жатқанымды ұқтым. Бұл қаншалықты ауыр екенін түсініп отырмын. Сені кетіп қалғаның үшін кінәламаймын, ренжімеймін. Сенде басқа таңдау болмады. Сенің сезіміңді, өтінішіңді енді түсініп жатырмын. Арамыздағы сенімді, рухани жайлылық пен махаббатты қалпына келтіру үшін барымды саламын. Өтінемін, оралшы", - деп жазған Бишімбаев Нүкеноваға.

Экс-министр бұл хабарламаға келіншегі не деп жауап бергенін де психологқа көрсеткен.

"Суретке қарап, менің де жүрегім ауырып отыр. Мен сені сүйемін. Мен үшін істеп жатқан әр ісіңді бағалаймын. Тырысып жатқаныңды да көріп жүрмін. Біз бір-бірімізге тірек болып үйрену керекпіз. Біз болсақ бір-бірімізге қарсы шығып, ұрыса береміз. Мен де сенің айтқаныңды істеуге тырысатын боламын. Себебі мен үшін сен және сенің бақытын аса маңызды. Сен мені бақытты етіп, екеумізде бәрі жақсы болатынына сенгім келеді", - деп жазған Салтанат Нүкенова.

Одан кейін Бишімбаев келіншегіне өзімшілдік жайлы көп оқығанын айтып, оған қаншалықты ауыр екенін түсінгенін жазды. Экс-министр бойында өзімшілдік бар екенін мойындап, психологқа бірге жүгінуге ұсыныс жасайды. Хабарламаларға сәйкес, ерлі-зайыпты ақыры ортақ сессиядан өткен. Психолог бұл кездесудің қалай өткеніне қатысты кері байланыс берген.

"Менің қорытындым - ұқсас бала күнгі психикалық жарақат. Бұл жағдайда сіздерге жеке шекараны орнату аса маңызды деп есептеймін. Қуандық Салтанаттың аптасына бес уақыт кешкі ас дайындап, оның барысында қасында болғанын, киімдерді реттеп, өзінің қайда жүргенін ескертіп отырғанын, келіспеушілік кезінде эмоциналды тұрғыда өзін барынша сабырлы ұстағанын қалайды", - деп жазды психолог.

Сонымен қатар психолог Салтанат Нүкенованың да қалауын жазды.

"Сыни пікірлерді азайтып, эмоциналды қысымды азайтқанын қалайды. Себебі бұл жайттар оның көл күйін түсіріп, жүрегін жаралайды. Жеке шекараңызды құрып, жеке күн тәртібін құруға кеңес беремін", - деп жазған ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089772-narcissizmnen-qalai-qutyluga-bolady-bimsimbaev-pen-psixologtyn-almasqan-xattary-sotta-oqyldy/