Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Раушан аңқисың": куәгер Нүкенова қаза болған кеште неге Бишімбаевқа хабарлама жазғанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Гүлнәр Насырбекова
Гүлнәр Насырбекова. Скриншот: YouTube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өтіп жатқан сотта куәгер ретінде Гүлнар Насырбековадан жауап алынды. 9 қарашада ол Бишімбаевпен BAU мейрамханасына кездесуге келіп, кейін оған хабарлама жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін сотта олар Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаевтың басқа әйелдерге жазған хаты оқылды. Қайғылы жағдай болған күні "Юля Супер" және Гүлнар Насырбекова деген әйелдермен хат алмасқан. Бишімбаевтың сөзінше, 9 қарашада Гүлнар Насырбекова онымен BAU мейрамханасында келіп, олар 2 сағат отырған.

Кездесуден кейін Насырбекова Бишімбаевқа қайта хабарласқан, олардың сөйлескені Бишімбаевтың телефонындағы қоңыраулар бөлімінде сақталған. Кейін "Айтпақшы, раушан аңқидың" деген жазуы бар фото жіберген. Насырбековадан сотта бұл хабарламаның нені білдіретіні сұралды.

"Маған Бишімбаевтың хабарласқаны туралы хабарлама келді. "Қуандық" деп сақталған. Алена құрбым "Құдағи" деп сақталған. BAU-дан кейін гүл, тәтті бәлішке тоқтадым. Мен хабарлама жаздым да, жібере салдым. Бүгін көріп, абдырап қалдым. "Құдағи" деген контактіге жіберген едім", - деп түсіндірді куәгер.

Куәгерден оның хабарламасындағы "айтпақшы" сөзі нені білдіретіні де сұралды.

"Мен қалай жібергенімді білмеймін (хабарлама – ред). Алена кешкі аста болды, кеш келетінін айтты. Сағат 10-ға таман келгенде, бірінші рет көргендей таңғалдық", - деп түсіндірді куәгер.

Сонымен қатар прокурор соның Бишімбаевқа екі рет не үшін қоңырау шалғанын сұрады. Біріншісі 33 секундқа созылса, екіншісі 12 секундқа созылған.

"Бишімбавтың хабарласқанын көріп, қайта қаңырау шалдым. Ол: "Қайдасың?" дедім, "күте тұр" деп телефонды қоя салды. Екінші рет сөйлескенде ол "кетіп қалдыңдар ма" деп сұрады. Мен "иә" дедім", - деп жауап берді Насырбекова.

Айта кетейік, бүгін судья бұған қоса Айжан Құлбаева айыпталушының басқа әйелдерге жазған хабарламаларын оқыды. Бишімбаев олармен келіншегі Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні сөйлескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089859-rausan-anqisyn-kuager-nukenova-qaza-bolgan-keste-nege-bisimbaevqa-xabarlama-zazganyn-tusindirdi/