Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қысымды тоқтатуды сұраймыз": адвокаттар алқасы Бишімбаевтың қорғаушыларына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Республикалық адвокаттар алқасы қоғамда резонанс тудырған Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіріп, азаматтарға үндеу жасады. Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының ресми сайтында хабарланды.

"Құқықтық демократиялық мемлекетте әркімге білікті заң көмегіне кепілдік беріледі. Адам қандай ауыр қылмыс жасады деп айыпталмасын, адвокаттар оны заңда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен осы айыптаудан қорғауға міндетті.

Қылмыстық процестің орбитасына тартылған адамдарға көмектесу – адвокаттың кәсіби борышы, оны ол қоғам мен мемлекеттің оның қорғауындағы адамға деген көзқарасына қарамай орындауы керек", - делінген хабарда.

Республикалық адвокаттар алқасының хабарлауынша, адвокаттар Қуандық Бишімбаевты заңға және кәсіптік әдеп ережелеріне сәйкес қалай қажет деп санайды, солай қорғауға тиіс және қорғайды.

"Қазақстанда заң адвокатты заң көмегін көрсететін адаммен сәйкестендіруге тыйым салады. Осы нормаға сәйкес жәбірленушілердің немесе қоғамның сотталушыға жақтырмай қарауын адвокатқа аударуға болмайды.  

Бірбеткей адвокаттарды қудалау әрекеттері Қазақстан тарихында орын алды және адвокатура мұның қайталанбауы үшін күресуде.

Осыған байланысты адвокаттарға өздерінің кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қысымды тоқтатуды сұраймыз...

Адвокат клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға міндетті", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2089907-qysymdy-toqtatudy-suraimyz-advokattar-alqasy-bisimbaevtyn-qorgausylary-turaly-aitty/