Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"23 сәуірден бастап күшіне енді": Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді

Жарияланған күні:

жолдағы көліктер
Жолдағы көліктер. Көрнекі фото: Ditto/Getty Images

ІІМ көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер 23 сәуірден бастап күшіне енгені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

"Құрметті азаматтар! Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқтала кетсем: Біріншіден, біз жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алуды жеңілдеттік", - деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оның сөзінше, басқа аймаққа көшкен жағдайда, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыру мүмкіндігі болады.

"Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық. Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін біз оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттық. Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде біз бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алатын боламыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды", - дейді Шыңғыс Алекешев.

ІІМ ресми өкілі осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, "А", “В" санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік жүргізуді мектептерінде оқудан өту қажет.

"Олар - көліктердің ең көп таралған түрлері. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек. Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар биыл 23 сәуірінен бастап күшіне енді.

Құрметті азаматтар! Аталған түзетулер ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтарға полиция тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған", -деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090162-23-sauirden-bastap-kusine-endi-kolik-quralyn-tirkeu-zane-zurgizusilerdi-dayarlau-qagidalaryna-tuzetuler-engizildi/