Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көлік үстінде секірген ер адам видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көліктің үстіне мінген ер адам
Көліктің үстіне мінген ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/aktau_nespit

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы тұрғы үй аулаларының бірінде ер адам көліктің үстінде секіріп тұрғаны түсірілген видео пайда болды. Құқықбұзушы жазаға тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан ер адам алдымен ойын алаңында сыраға ұқсас сусын ішкенін көруге болады.

Кейін ер адам қоршаудан асып, аулада тұрған көліктің үстіне мінген. Ол көлік капоты мен төбесінде секіріп қана қоймай, алдыңғы әйнегін бірнеше рет теуіп, белгісіз зат лақтырған.

Видеоның сипаттамасындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл оқиға Ақтауда 32-ықшамаудандағы 8-үйдің жанында болған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты жедел шара қолданған.

"Тәртіп сақшылары құқықбұзушының жеке басын бірден анықтап, оған қатысты ӘҚБтК-тің 437-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090234-aqtauda-kolik-ustinde-sekirgen-er-adamnyng-areketi-videoga-tusip-qaldy/