Алматы облысында 31 гектарды шарпыған өрт: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс өртенген болатын. Өрт 31 гектар орман қорын шарпыған, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство ақпараты бойынша, өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 129 рет 387 тоннадан астам су ағызу жұмысы жүргізілген.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Аталған дерек бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 341-бабы "Ормандарды жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл баптың санкциясына сәйкес, құқықбұзушының мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салайық, 19 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында" құрғақ шөп өртенген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090903-almaty-oblysynda-qamys-orteu-faktisi-boiynsha-qylmystyq-is-qozgaldy/