Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға оқу-ағарту министрінің атынан жалған хабарламалар келе бастаған

Жарияланған күні:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан жалған хабарламалар таратылып жатыр. Министрлік өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Сайт ақпараты бойынша, WhatsApp және Telegram желілерінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылуда. Алайда сайт мәліметіне сүйенсек, бұл жалған аккаунттар және олармен байланыс орнатып, келген сілтемелер бойынша өтпеген жөн.

Сондай-ақ оқу-ағарту министрінің баспасөз қызметі бұл хабарламаларға қатысты пікір білдірді.

"Соңғы күндері WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде оқу-ағарту министрінің атынан түрлі хабарламалар таратылуда. Бұл жалған ақпарат! Оны интернет-алаяқтар таратып отыр.

Өкінішке қарай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және онымен әр адам бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан сақтық танытып, жеке хат жазысу мен телефон қоңырауларын қабылдауда қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз.

Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз", - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090963-qazaqstandyqtarga-oqu-agartu-ministrining-atynan-zhalgan-habarlamalar-kele-bastagan/