Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін

Жарияланған күні:

Қазақ әдеби тілінің сөздігі
Сөздік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясында тіл мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ақорда.

"Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды.

Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.

Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2090987-toqaev-qazaq-tili-uaqyt-ote-kele-etnosaralyq-qatynas-tiline-ainalatynyna-senimdimin/