Қазақстанда жаңа жол белгілері болады (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі пайда болмақ. Сондай-ақ электр көлік иелері үшін электрмобильді ажыратуға бағытталған арнайы белгілер әзірленді, деп хабарлайды "ҚазСтандартқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"ҚазСтандарт" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елімізде 1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 "Жол қозғалысын реттеу бойынша техникалық құралдар" ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Дереккөз мәліметіне сүйенсек, аталған өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және барлық жол қозғалысына қатысушының ыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық стандартқа енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі мынадай:
- гибридті көліктерді есепке алмағанда, электр көлігі иелерінің барлығы "Электр көлігі" сәйкестендіру белгісін міндетті түрде көлік құралына енгізуге тиіс;
- жаңа жол белгілері орнатылмақ:
"Электр самокатта жүруге тыйым салынады" – бұл белгіні жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатының алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі" белгісі енгізіледі.
"Параллель көлік жолына ауысу белгісі" және "Параллель жолдың соңы екенін хабарлайтын белгі".
"Мүгедектерге және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, сондай-ақ ондай адамдарды тасымалдайтындарға жол инфрақұрылымының қолжетімділігі қамтамасыз етілген", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, аталған белгілердің кейбірі Алматы мен Астанада сынақ режимінде орнатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091200-qazaqstanda-zhanga-zhol-belgileri-bolady/