Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда соңғы қоңырау шарасы жаңа форматта өтеді

Жарияланған күні:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – жас түлек.

Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаға созылып, оқу 25 мамырда аяқталады.

"Су тасқынына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады", - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11 (12)-сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі "Алтын белгімен" марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді.

Бұдан бөлек министрлік өкілдері 9-11-сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынатанын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091350-qazaqstanda-songgy-qongyrau-sharasy-zhanga-formatta-otedi/