Алдағы демалыста Қазақстанда күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады
Жарияланған күні:
28-29 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сенбіде жауын-шашынсыз болуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
27 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда 28-29 сәуір аралығында синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп болжап отыр.
Алдағы жексенбіде оңтүстікте, 29 сәуірде – солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда дүйсенбіге қараған түні жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтіледі.
Республика бойынша жалпы ауа температурасы көтеріледі. Бірақ 27-28 сәуірде түнде солтүстікте термометрлер 1-8 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091827-aldagy-demalysta-qazaqstanda-kun-kurkirep-noser-zhangbyr-zhauady/