Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 шұлық ұрлаған": Қарағандыда жүк сөмкесін көтерген ер адам полицейлердің күдігін туғызды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Есікті бұзып жатқан ұры
Ұрлықшы. Көрнекі фото: krisanapong detraphiphat / Getty Images

Қарағандыда жүк сөмкесін арқалап келе жатқан ер адам патрульдік полицейлердің назарына ілікті. Ол сауда орындарында екі рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпараты бойынша, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кезекшілік қызметін атқарып жүрген.

Таңертең тәртіп сақшылары өз жол бағыты бойынша келе жатып, жүк сөмкесін тасып келе жатқан ер адамды байқайды. Ер адам бұл кезде полицейлердің қызметтік көлігін байқап, асығыс көпқабатты үйдің ең жақын ауласына кіріп кеткен. Көшеде келе жатқан адамның бұл әрекеті полицейлердің күдігін тудырған. Тәртіп сақшылары жасырынуға тырысқан азаматты ұстады.

"Патрульдік қызметкерлердің ұқыптылығы бірден екі қылмыстың бетін ашуға көмектесті. Ұсталған 20 жастағы ер адам күн батқанын пайдаланып, сауда орындарынан жаңа ғана ұрлық жасағанын мойындады. Ол сауда орындарына кіру үшін пластикалық кіреберіс есіктерінің құлпын бұзған. Бір рет ол 40 ұлық, екінші рет кондитерлік өнімдерді, автокөліктерге арналған әтір су мен телефон ұрлаған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 630 мың теңге. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091839-40-shulyq-urlagan-qaragandyda-zhuk-somkesin-kotergen-er-adam-politseilerding-kudigin-tugyzdy/